Accessibility links

Пентагон Alibaba-ны Қытайдың әскери әріптестер реестріне қосуды ұсынды


Пентагон қытайлық компаниялар Alibaba Group, Baidu, BYD және тағы бес заңды тұлғаны Қытайдың әскери әріптестер қатарына қосуды ұсынды. Бұл жөнінде АҚШ қорғаныс вице-министрі Стивен Файнбергтің Конгреске жіберген хатына сүйенген Bloomberg жазды.

Бұл компаниялар Пентагонның "Қытай әскерімен ынтымақтастық жасайды" деп санайтын ұйымдар қатарына қосылғаны-қосылмағаны белгісіз. Бұл тізімге енудің тікелей заңды салдары жоқ, бірақ бұл америкалық инвесторлар үшін "ескерту" болып саналады, қорғаныс келісімшарттарын қиындатады, санкция қаупін арттырып, беделге нұқсан келтіреді. Қазіргі уақытта тізімде 130-дан астам компания бар.

Америка барлау қызметінің мәліметінше, Alibaba Group компаниясы Қытай әскеріне АҚШ-тың нысандарына қарсы операциялары кезінде пайдаланылуы мүмкін технологиялар мен деректерді - IP-адрестер мен Wi-Fі, төлемдер мен өзге де мәліметтерді берген.

Alibaba ақпаратты жоққа шығарып, Вашингтон қоғамдық пікірге манипуляция жасауға тырысып жатыр деп мәлімдеген. Компания Қытай әскерімен ықтимал әріптестігі туралы мәліметке түсініктеме берді.

Қытай сыртқы істер министрлігі Bloomberg агенттігіне Пекин АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздікті тым кең мағынада тәпсірлеу мен "дискриминациялық тізімін" жасау әрекетіне "қарсы екенін" білдірді.

Alibaba акцияларының тоқсандық табысы туралы есебі жарияланған шақта 27 қарашада компанияның акцияларының құны 2%-ға өсті.

XS
SM
MD
LG