Ержан Азаттықтың Астана бөліміне 2015 жылғы қаңтарда телеоператор болып қосылды. "Ирбис-ТВ" мен КТК телеарналарында жұмыс істеген. Павлодар мемлекеттік университетін бітірген.
Нұр-Сұлтанда үш бірдей адамы мүгедек Боданбаевтар отбасы үйде тапсырыспен көрпе-жастық тігіп, ақша табады. "Осы кәсіппен айналысқалы жағдайымыз жақсарды" дейді.
Қаржы пирамидасына алдандым деген алматылық тұрғын Нұр-Сұлтанда өзін өртемек болды. 32 жастағы Бағила Досмайылова бұл әрекетке амалсыз барғанын айтып, әлеуметтік желіде жазба қалдырған. Денесін күйік шалған әйел астанадағы ауруханалардың бірінде жатыр. Дәрігерлер "хәлі ауыр" дейді.
Қазақстандықтар үкіметтен ел аумағында кремльшіл пропаганданы тарататын ресейлік арналарға тоқтау салуды сұрап, қол жинап жатыр. Азаттық ақпарат министрі Асқар Омаровтың осы петиция жайлы пікірін білді.
Әскері Украинаға басып кірген соң Ресейге Батыстың санкциясы күшейген. Рубльдің күрт құлдырауы Қазақстанға да әсер етті. Теңге әлсіреп, елде доллар бағамы 500 теңгеден асып кеткенде, азық-түлік, тауар бағасы аспандап кетті.
Нұр-Сұлтанда кран басқаратын ондаған адам жұмыс қауіптілігін айтып, тағы да наразылық білдірді.
Ресей Украинаға соғыс ашқалы Мәскеудің "денацификация" саясатынан Қазақстан қоғамы да алаңдайды. Оған себеп – Мәскеу думасының депутаты Украинадағы "операция" аумағын кеңейтіп, Қазақстанды да қосуды ұсынып отыр. Қазақ билігі "әлдебіреудің сөзіне мән бермеуге" шақырады.
Шымкентте қаңтар оқиғасы кезінде қайтыс болған 18 жастағы Ерлан Аяз Көкшетаудағы колледждің 3- курсында оқыған. 7 қаңтар күні кеудесі мен басына оқ тиген ұлын анасы Жазира Тұрдықұлова мәйітханадан тапқан. Қапыда ұлынан айырылған ана оқ атқан адам жазасыз қалмаса екен дейді.
20 жыл Үкімет үйі еденін жуып, зейнетке шыққан нұр-сұлтандық тұрғын далада қаламын деп алаңдайды. 62 жастағы Сайрагүл Мұхтарованың айтуынша, жақында оған талай жыл еңбек еткен президент істері басқармасынан "жалдамалы пәтерді босат" дейтін хабарлама келген.
Парламент мәжілісінің 1999-2004 жылдардағы депутаты Серікбай Әлібаев президент Тоқаев жолдауындағы ұсыныстарды реформа деп атауға келмейді дейді. Депутаттық корпустың 30 пайызын мажоритарлық жүйемен сайлауды жеткіліксіз санайды.
Қазақстан парламенті алғаш рет қаңтар оқиғасын ашық талқылады. Мәжіліс депутаттары алдына бас прокурордан бастап, барлық күш құрылым басшылары келіп, есеп берді. Бас прокурор дерегінше, дүрбелеңнен 230 адам қаза тапқан. Бірақ адам құқығы жөніндегі уәкіл марқұмдар саны 238 дейді.
Қаңтар оқиғасынан соң құрбан болғандар мен абақтыға қамалғандардың туыстары тергеуге презиенттің араласуынталап етіп, 10 наурызда Ақордаға барып, арызданды. Қазақстанның бірнеше қаласынан келген тұрғындарды кеше бас прокурор қабылдамаған.
9 наурызда Семей, Өскемен, Талдықорған, Алматы, Қызылорда қаласынан Нұр-Сұлтандағы бас прокуратураға келген бір топ адам Қаңтар оқиғасынан кейін ұсталған балаларын, жақындарын босатуды талап етті.
Қызылордадағы ЗК-169/5 түрмесінде жазасын өтеп жатқан «саяси тұтқын» Ержан Елшібаев өзіне тағы да қол салды. Ол бұл әрекетін жуырда осы абақтыға ауысып келген түрме басшыларының біріне наразылық ретінде жасағанын, бұрын одан қысым мен азаптау көргенін айтты.
Қазақстан парламенті экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы Дариға Назарбаеваның депутаттық өкілетін тоқтатты. Жиынға оның өзі келмеді және қайда екені әлі белгісіз.
Мәжілістің жаңа спикері Ерлан Қошанов журналистердің қаңтар оқиғасына қатысты сұрақтарына жауап берді. Ол президенттің "ескертусіз оқ ату" шешімін қолдағанын айтты. Қошанов "билік қаңтар оқиғасындағы шындықты бүкпесіз жариялап отыр" дейді.
Украинаға басып кіруіне байланысты Ресейге батыс елдері салған санкциялардан соң рубль құнсызданып, оның әсері Қазақстанға да тиді. Сарапшы сөзінше, соғыс жалғаса берсе көрші елдің экономикасы өте қатты құлдырайды және Қазақстанда қымбатшылық артып, жұмыссыздар көбейеді.
Қазақстанда билік партиясы "Нұр Отан" атауын өзгертті. Енді бұл саяси ұйым "Аманат" деп аталады. Партия атауының ауысуы нені білдіреді? Ребрендингтен қандайда бір өзгеріс күту керек пе?
Қазақстандағы қаңтар қырғынынан соң жұрт сынына ұшыраған ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев қызметінен кетті. Ал қаңтардағы оқиғалардан соң жұрт көзінен таса болған мәжіліс депутаты, экс-президент Назарбаевтың үлкен қызы Дариға Назарбаеваның депутаттық өкілеті тоқтады.
Нұр-Сұлтанда Ресей елшілігі алдында наразылық акциясын өткізбек болған қала тұрғыны Талғат Омаровты полиция шара басталмай жатып ұстап әкетті. Полиция оқиға орнында жүрген Азаттық тілшісі Нұргүл Тапаеваны ұстамақ болып, қайта босатты.Ресей елшілігі алдында әдеттегіден полиция көп, әр қимылды жіті ба
Ресей президенті Владимир Путин 21 ақпанда Украина шығысындағы Донецк және Луганск сепаратистік аймақтарын «тәуелсіз республика» деп мойындады. Мұны «Украина тұтастығына төнген қауіп» деп бағалаған Киев пен Батыс елдері Ресейге санкция салынатынын мәлімдеді.
Тағы